Электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 шілдеден бастап жалға берілетін электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір жалға берілетін электр самокатына тіркеу нөмірі беріледі. Соның нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзған самокат жүргізушілері бейнебақылау камералары арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар электр самокатын пайдаланатын әрбір азамат үшін сақтандыру полисінің болуы міндеттелді.

Сондай-ақ кикшеринг компаниялары электр самокаттарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, арнайы белгіленген аумақтарда жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, самокаттардың ретсіз қалдырылуына жол бермеуге, олардың есебін жүргізуге және қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына ұсынуға міндетті.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Егер самокат пайдаланушысының жүргізуші куәлігі болмаса, оған автомобиль жүретін жолмен жүруге рұқсат етілмейді. Бұл талаптың сақталуын кикшеринг қызметі қатаң бақылауы қажет», – деді спикер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-oyil/press/news/details/1257675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version