«Есірткісіз әлем – есірткіге жол жоқ»: «Бастау» лагерінде спорттық-профилактикалық іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысындағы «Бастау» жазғы сауықтыру лагерінде «Есірткісіз әлем – есірткіге жол жоқ» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «ҚосҚанат» және «Аяулы Алақан» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шара аясында балалар үшін салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған спорттық эстафеталар мен қызықты ойындар өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетіп қана қоймай, денсаулықты сақтау, спортпен шұғылдану және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға ынталандыру және естелік сыйлықтар табысталды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал етеді. Жетісу облысында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1256685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version