Ибрахим Нұрмаханұлы IBSA Judo Grand Prix 2026 турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен IBSA Judo Grand Prix 2026 халықаралық турнирінде Қазақстанның пара дзюдо құрамасы табысты өнер көрсетіп, 3 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Ибрахим Нурмаханұлы J2 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл – Ибрахим Нурмаханұлының халықаралық Grand Prix турнирлеріндегі қатарынан екінші алтын жүлдесі. Осылайша шымкенттік спортшы халықаралық аренада жоғары деңгейдегі тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1257333?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version