Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Fari Cakes» кондитерлік өнімдер дайындайтын кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Кәсіпорын басшысы Құлманова Фариза Сайлаубайқызы аудан әкіміне өндіріс барысын таныстырып, цехтың жұмысы, өнім түрлері және алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бүгінде цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Fari Cakes» кәсіпорнында кондитерлік өнімдердің сан алуан түрі дайындалады. Барлық өнімдер табиғи әрі сапалы шикізаттан әзірленіп, тұтынушыларға ұсынылады.
Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы Фариза Сайлаубайқызы әлеуметтік жауапкершілікті назардан тыс қалдырмай, мұқтаж отбасыларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы кәсіпкерлікті қолдау – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтіп, кәсіпорын ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау