Кеңестер мен шеберлік сабақтары: Теміртаудағы Жастар үйінде Ашық есік күні өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теміртауда 15 шілде күні «Отбасы – қолдау мен қамқорлық мекені» атты Ашық есік күні өтеді. Іс-шара Жастар үйінде (Чайковский көшесі, 2/1) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ұйымдастырылып, тұрғындарға мамандардың пайдалы кеңестері мен түрлі шығармашылық белсенділіктерді ұсынады.

Бұл күні қала тұрғындары әлеуметтік қолдау, отбасылық қарым-қатынастар, құқықтарды қорғау, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес ала алады.

Балалар мен ересектер үшін мазмұнды шығармашылық бағдарлама әзірленген. Қонақтарды handmade және қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары, сурет салу үйірмесі, ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақ ойнауды үйрену сабағы, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалана отырып контент жасау бойынша шеберлік сабағы күтеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын бұл күнді отбасымен бірге пайдалы өткізуге, маңызды сұрақтарға жауап алуға және жаңа қызығушылықтарды ашуға шақырады.

Кіру тегін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1257655?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version