КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жүргізді.
Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова нашақорлыққа қарсы және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Байылдыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы Саден Сопбеков нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында жастар арасында атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Азат Сұлтан баяндама жасады.
Жиын барысында қала прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымов жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, мәдени және спорттық іс-шаралардың санын арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында жауапты мамандардың қатысуымен профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тиісті мекеме басшыларына нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейту, жастармен жүргізілетін алдын алу шараларын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255418?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version