Апталық аппараттық жиында Департамент басшысы алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты міндеттерді айқындап, білім беру саласындағы жұмыстың жүйелі әрі сапалы жүзеге асырылуы бойынша қызметкерлерге келесі маңызды тапсырмаларды:
* Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға/лицензияға қосымшаны алуға, оның ішінде білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарынан лицензия алуға келіп түскен өтініштерді біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша қарауды;
* Арыз-шағымдарды қарау кезінде ҚР ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын, объективті шешім қабылдануын;
* Білім басқармасына және білім бөлімдеріне жүргізілген жоспарлы тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жойылуын және олар бойынша іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға алуды;
* Қала/аудандардағы білім беру ұйымдарының ағымдағы жай-күйіне бару арқылы кешенді мониторинг жүргізуді тапсырды.
Департамент басшысы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын, мемлекеттік қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау кезінде адалдық, заңдылық, объективтілік, бейтараптық және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысына, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға және өзге де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1256876?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау