Аққұдық ауылдық округінің жастары туған жерге деген сүйіспеншіліктің, ауызбіршілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, жаңа платинаға сән беретін әсем беседка орнатты. Бұл – тек құрылыс нысаны ғана емес, ауыл тұрғындарының басын қосатын, ақжарқын әңгіме өрбитін, жас ұрпақтың арманы мен үлкендердің ақыл-кеңесі тоғысатын рухани мекен. Туған жердің көркеюі – әр азаматтың жүрегіндегі жауапкершіліктен басталады. Бүгінгі жастардың еңбегі платинаның келбетін ажарландырып қана қоймай, елге қызмет етудің, ортақ іске жұмылудың маңызын айқын көрсетті. Осындай игі бастамалар ауылымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, келешек ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Қадірлі ауыл тұрғындары! Ортақ игілікке жанашырлық танытып, туған өлкеміздің гүлденуіне бірге атсалысайық. Бірлігі бекем елдің тірлігі де берекелі болады. Жастарымыздың жалынды еңбегіне қолдау білдіріп, туған жерімізді одан әрі көркейту жолында жұмыла еңбек етейік. Аққұдықтың әрбір жетістігі – баршамыздың ортақ мақтанышымыз, жарқын болашағымыздың берік негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-akkudyk/press/news/details/1257556?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау