Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша штаб отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу және эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында штаб отырысы өтті.

Жиынға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шиналиев, аса қауіпті инфекциялар және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Кумисбек Рахимов, Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төленді, Талас аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Алмас Исаков және жауапты сала мамандары қатысты.

Отырыс барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, аурудың таралуына жол бермеу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылау, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1256552?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version