10 шілде күні кешкі уақытта Ақтөбе қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері күміс түсті Hyundai автокөлігін тоқтатты. Көлікті басқарған 29 жастағы әйелдің жағдайы тәртіп сақшыларының күдігін туғызғандықтан, ол медициналық куәландырудан өткізілді.
Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Тексеру барысында оның 2024 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда ол сот шешімі мен жол қозғалысы ережелерін елемей, қайтадан рөлге отырған.
Бұл жолы жауапкершілік әлдеқайда қатаң. Есірткілік масаң күйде, көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан қайтадан көлік басқарғаны үшін оған өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылу және 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ескертеді:
«Бір рет ештеңе болмайды» деген ой көбіне «енді өмір бойы жүргізуші куәлігі болмайды» деген нәтижемен аяқталады. Сондықтан рөлге тек сергек күйде отырыңыз. Жолдағы жауапкершілік – өзіңіз бен өзгенің өміріне деген құрмет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1257399?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау