КҮМІС ЖҮЛДЕ – ШЫМКЕНТ ҚОРЖЫНЫНДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында өтіп жатқан велосипед спортынан ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкент қаласының спортшысы Айша Абдикалик жүлделі орыннан көрінді.

15–16 жас санатындағы 20 шақырымдық жекелей уақытқа жарыста Айша 32:57.97 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл – қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі. Айшаны және оның жаттықтырушыларын жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1256573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version