МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ
 
Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті қырық бірінші сессиясына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов арнайы қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
 
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғабит Мелдеханов пен Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Дәрібаев баяндама жасаса, Ш.Ділдәбеков, Ж.Ералиев, Абай, Атамекен және Қызылқұм ауылдық округтерінің әкімдері өз округтерінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралап, алдағы кезеңге арналған жоспарларын таныстырды. Баяндамаларда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттер жан-жақты қамтылды.
 
Сессия барысында аудандық ішкі саясат бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшылары тарапынан атқарылған жұмыстар да қаралды. Сонымен қатар, ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту және бақылау бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша тиісті басқарма басшысының есебі тыңдалып, бірқатар нақты міндеттер жүктелді.
 
Мәжілісте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжас Қаныбеков әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы мәлімет берсе, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғабит Мелдеханов Жетісай ауданының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістерді таныстырды.
 
Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту мәселесі қаралып, аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязов, сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат аппараты ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы Ұлжарқын Әмірбекова хабарлама жасады.
 
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, жауапты сала басшыларына сауалдарын жолдады. Әсіресе, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру, инвестиция тарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, санитарлық тазалықты күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағытында нақты ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1257133?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version