Маңғыстау облысында полиция қызметкері жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкері көлік жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлаған кезде оған дер кезінде көмек көрсетті.

Ақтау – Жетібай автожолының 17-бекетінде патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам денсаулығының күрт нашарлауына байланысты көмек сұрап жүгінген.

Азаматтың айтуынша, көлік жүргізу кезінде бүйрек ауруына байланысты ұстама болып, қатты ауырсыну салдарынан көлікті басқаруды жалғастыра алмаған.

Жағдайдың шұғылдығын бағалаған патрульдік полиция ротасының инспекторы Есбол Бектұрлы азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, оны қызметтік автокөлікпен Мұнайлы аудандық ауруханасына жеткізді.

Медициналық мекемеде ер адам дәрігерлерге тапсырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Полиция қызметкерінің жедел әрі кәсіби әрекеті азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оған қиын жағдайда дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version