Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мерекелік іс-шараға қатысып, әйгілі «Адай» күйін орындады.
Домбыра – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасының, төл болмысының айқын белгісі. Полицейлердің күй орындауы ата-баба дәстүріне, ұлттық өнер мен мәдени құндылықтарға деген құрметтің көрінісі болды.
Мұндай іс-шаралар ұлттық мұраны сақтауға және насихаттауға, патриоттық рух пен ел бірлігін нығайтуға, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау