Медицина қызметкері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Набиева Гульмира Сұлтанқызы

Лауазымы, жұмыс орны: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің жетекші маманы. Мәртебесі: Зейнеткер, Департаментте еңбек қызметін жалғастыруда. Саладағы еңбек өтілі: 40 жыл. Мінездеме: Набиева Гульмира Сұлтанқызы 1986 жылы Қырғыз Республикасы Токмок медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында өзін жоғары білікті, жауапты және тәжірибелі маман ретінде көрсетті. Коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Мемлекеттік шекарада карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың, сондай-ақ бақылаудағы өнімдердің әкелінуі мен таралуының алдын алу бағытындағы санитариялық-карантиндік бақылауды сапалы жүзеге асырып келеді. Әріптестеріне тәжірибелік көмек көрсетіп, жас мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлік етеді. Мемлекеттік қызмет әдебі қағидаттарын қатаң сақтайды, кәсібилігі мен адалдығының арқасында ұжымда үлкен құрметке ие. Жеке қасиеттері: адалдық, жауапкершілік, ұйымшылдық, кәсіби біліктілік, жедел шешім қабылдай білу. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1255430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version