Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты жарияланды.
Сұхбатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласындағы бастамаларын іске асыру аясындағы негізгі басымдықтар, мемлекеттік мектептердің сапасын арттыру, білім мазмұнын жаңарту, оқу мәдениетін қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде тиімді пайдалану және мектеп кітапханаларының рөлін күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жұлдыз Сүлейменова мектептің басты міндеті сапалы білім берумен қатар, адал еңбекке сүйенетін, заңды құрметтейтін, кітап оқитын, ұлттық дүниетанымы берік әрі мемлекетшіл азамат тәрбиелеу екенін атап өтті.
Сұхбатта сондай-ақ «Құқық негіздері» пәнін міндетті пән ретінде қайта енгізу, оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту, мектеп кітапханаларын республикалық мерзімді басылымдармен толықтыру және қазақ тілінің жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуетін кеңейту бағытындағы жұмыстар туралы айтылды.
Толық сұхбат «Ana tili» газетінің сайтында жарияланды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау