2026 жылғы 10 шілдеде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ-де Мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Батыров және Т.Асылбеков әлеуметтік әріптестермен және облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіріп, сондай-ақ білім беру саласындағы еңбек қатынастарының практикалық мәселелерін, атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек қатынастары тоқтатылған кезде өтемақы төлеу және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтер енгізу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, кездесу қатысушыларына өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Түскен барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары тиісті түсіндірмелер берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1256160?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау