Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Павлодар облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Саменқұлов мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген және қызметін тоқтатқаннан кейін қайтадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтармен тиісті түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызметте болуға байланысты талаптар мен шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын ұстану, сондай-ақ мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушылар мекеменің ішкі еңбек тәртібімен және ұжымдық мәдениетімен таныстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1255716?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау