«Мерей» жазғы лагерінің тәрбиеленушілері ауылдық кітапханаға танымдық экскурсия жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мерей» жазғы лагерінің тәрбиеленушілері ауылдық кітапханаға танымдық экскурсия жасады

Қабанбай батыр атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Мерей» жазғы лагерінің тәрбиеленушілері Қазақстан ауылдық кітапханасына танымдық экскурсия жасап, кітап оқу іс-шарасына қатысты.

Экскурсия барысында кітапханашы оқушыларды кітапхананың жұмыс тәртібімен, кітап қорымен және оқырмандарға ұсынылатын қызмет түрлерімен таныстырды. Балалар өздерінің қызығушылығына қарай ертегілер, балалар әдебиеті, энциклопедиялар мен танымдық кітаптарды оқып, мазмұнымен танысты. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиедегі орны туралы қызықты әңгіме жүргізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1256334?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version