Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Азаматтарға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу және қауіпті аумақтардан аулақ болу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптары көрсетілген жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1256998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау