Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов, облыстық мәслихат депутаттары А.Б.Жұмағұлов, Е.Б.Жүнісов, А.Е.Карин, А.Г.Куприенко Нұра ауданындағы білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысына және оларды жаңа оқу жылына, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелеріне мониторинг жүргізді.
Жұмыс сапары аясында депутаттар Нұра ауданының әкімі Б.М.Мұқанов, аудандық мәслихат төрағасы К.У.Жүнісбеков және білім басқармасының басшысы Д.Ш.Жекебаевпен бірге Егінді ауылындағы А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепке, Ақмешіт ауылындағы С.Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектепке, Кертінді ауылындағы М.Сүлейменов атындағы тірек мектепке, «Алтын дән» бөбекжай-балабақшасына және Нұра кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепке барды.
Аталған нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандарды аралау барысында жөндеу жұмыстарының орындалу барысы, материалдық-техникалық базаның жағдайы және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, депутаттар К.Мыңбаев атындағы ауыл мен Байтуған ауылындағы мәдениет үйлерінің жағдайымен танысып, олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын бағалады.
Сондай-ақ «Шахтер-Егінді» облыстық маңызы бар автомобиль жолына тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және су өткізгіш құбырларды орнату қажеттілігі анықталды, бұл үшін тиісті қаржыландыру бөлу қажет.
Мониторинг қорытындысы бойынша депутаттық корпус тарапынан жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды, сапа талаптарын сақтауды, сондай-ақ нысандарды жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1256036?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау