Елордадағы «Megapolis» тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанында мұнаралы кранды іске қосу рәсіміне Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары қатысып, жүк көтергіш механизмнің техникалық жай-күйі мен қосуға дайындығын тексерді.
Тексеру барысында мұнаралы кранның техникалық жағдайы, құжаттары, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бағаланды.
Аталған бақылау шаралары өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қауіпті өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдалануға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1257512?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау