Өңірімізге екі күндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, өнеркәсіпті жаңғыртуға және жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарда Павлодар облысының орны ерекше.

Өңірімізге екі күндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев келді. Сапардың алғашқы күні біз Екібастұз қаласындағы өңір мен тұтас ел үшін стратегиялық маңызы бар жобалар іске асырылып жатқан ірі өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарын аралап көрдік.

Нұрлыбек Нәлібаев «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қызметімен, Екібастұз жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстарымен, Railways Systems KZ машина жасау кластерінің дамуымен, жаңа ферроқорытпа өндірістерімен, сондай-ақ МАЭС-1-ді жаңғырту, МАЭС-2-ні кеңейту және МАЭС-3-ті салу жобаларымен танысты.

Бұл жобалар – жаңа жұмыс орындары, миллиардтаған теңге көлеміндегі инвестициялар, экономиканың өсуі және өңірдің одан әрі дамуына жол ашатын қосымша мүмкіндіктер. Біздің міндетіміз – осы жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1255508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version