Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы А. Қапановтың еңбек заңнамасының сақталуы және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған брифингі өтті.
Брифинг барысында мемлекеттік еңбек инспекциясының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары, мемлекеттік бақылау нәтижелері, жалақы бойынша берешекті өтеу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
Департамент басшысы өз сөзінде еңбек шарттарын жасасу тәртібіне, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың айырмашылықтарына, сондай-ақ HR Enbek еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізбегені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленетін еңбек демалысын беру, қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өтуге байланысты берілетін кепілдіктер, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды, оның ішінде адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және жүргізілген тергеп-тексерулердің нәтижелері туралы сұрақтар қойды.
Қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1255946?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау