«Орлёнок» және «Чайка» лагерлерінде қауіпсіздік сабақтары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты уақыт. Дегенмен қауіпсіздік мәселесі әрдайым басты назарда болуы тиіс.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Орлёнок» және «Чайка» балаларды сауықтыру лагерлерінің тәрбиеленушілері үшін тәжірибелік қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес лагерь корпустарының бірінде шартты өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер балаларды эвакуациялап, шартты өртті сөндіру және зардап шеккендерге көмек көрсету іс-қимылдарын пысықтады. Оқу-жаттығудан кейін балаларға танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, аптап ыстық кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары және ашық терезелердің жанында ойнаудың қауіптілігі түсіндірілді.Іс-шараның ең қызықты кезеңдерінің бірі – өрт сөндіргішпен тәжірибелік танысу болды. Әрбір бала өзін өрт сөндіруші ретінде сезініп, өрт сөндіргішті қолдануды іс жүзінде байқап көрді.Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға және жазғы демалыстың қауіпсіз өтуіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1255970?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version