ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті алаяқтық және заңсыз материалдық сыйақы алу фактілері бойынша күдікке ілінген хирург-дәрігерге қатысты тергеп-тексеруді аяқтады
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2023–2025 жылдар аралығында «Family Health Clinic» ЖШС мен «Ким В.» ЖК клиникасында жұмыс істей отырып, пациенттерден варикоз ауруына жасалатын операциялардың МӘМС шеңберінде тегін жүргізілетіні туралы ақпаратты жасырған және көрсетілген қызметтер үшін төлемді өзінің банктік шоттарына қабылдап отырған.
Сонымен қатар, «DamuMed» жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізіліп, соның негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру алған.
Осылайша, бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет жүргізілген: бір жағынан МӘМС қаражаты есебінен, екінші жағынан пациенттердің өз қаражаты арқылы.
Бұдан бөлек, оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алған фактілері де анықталды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1257750?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау