Отбасы банкінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды түгендеу жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🍀 Достар, қазіргі уақытта Отбасы банкінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды түгендеу жүргізілуде. Бұл нені білдіреді және не үшін маңызды?

📋 Түгендеу – тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтардың мәліметтерін тексеру. Банк қайталанатын жазбаларды, қателерді анықтап, тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаж азаматтарды нақтылайды.

🍀 Түгендеуден қалай өтуге болады?

1️⃣ orken.otbasybank.kz сайтына кіріп, авторизациядан өтіңіз.

2️⃣ Жеке кабинетіңізге кіріңіз.

3️⃣ Дербес деректерді өңдеуге келісімге қол қойыңыз.
Егер келісім берілмеген болса, оны ЭЦҚ арқылы растаңыз.

4️⃣ «Түгендеу» бөлімін ашыңыз.

5️⃣ «Түгендеуді бастау» батырмасын басыңыз.

6️⃣ Өтініміңіздің мәртебесін бақылап отырыңыз.

7️⃣ Отбасы мүшелерінің келісімі кезеңінде әрбір отбасы мүшесі сайтқа жеке кіріп, өз келісіміне қол қоюы қажет.

📄 Бұл небәрі бірнеше минут уақытыңызды алады, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуге маңызды қадам болуы мүмкін! Кейінге қалдырмай, бүгін-ақ түгендеуден өтіңіз. 💚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1257201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version