Преснов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сондай-ақ олардың тұру жағдайларын бағалау мақсатында мониторингтік сапар жүзеге асырылды. Мекемеде психоневрологиялық аурулары бар 207 кәмелетке толған қамқорлыққа алынушы тұрады. Мониторинг барысында бес бөлімше, оның ішінде жататын қамқорлыққа алынушылар орналасқан бөлмелер, сондай-ақ ас блогы, асхана, кір жуу орны және медициналық кабинеттер қаралды. Бұрын енгізілген ұсынымдарға сәйкес екі бөлімшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың уақытша кету тәртібі, жаңадан қабылданған қамқорлыққа алынушылардың жеке істері іріктеп зерделенді, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламалары, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламаларында (ЖОБ) көзделген іс-шаралардың орындалуы қаралды. Сонымен қатар, тұрғындардың банк карталарындағы жеке қаражаттарына бақару кезінде олардың мүліктік құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Мониторинг барысында психиатриялық көмекті ұйымдастыру, психиатр дәрігердің қызметі, дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық және мамандандырылған құжаттаманың жүргізілуі, оның ішінде қамқорлыққа алынушыларды дағдарыс палаталарына орналастыру және жарақаттарды есепке алу журналдары ерекше назарға алынды.
Тұру жағдайлары мен азаматтардың құқықтарының сақталуын бағалау мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын әрекетке қабілетті 14 азаматпен әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу барысында көрсетілетін көмектің сапасы, медициналық сүйемелдеудің қолжетімділігі, тұру жағдайлары және персоналдың қарым-қатынасы мәселелері талқыланды.
Мониторинг барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бейнебақылау жүйесінің 17 камерасының жарамсыз күйде екені анықталды, бұл бақылаудың тиімділігін төмендетіп, олардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды талап етеді. Сонымен қатар, желдету жүйесінің тиісті деңгейде жұмыс істемеуі мәселесі қайтадан атап өтілді. Аталған мәселе бақылауда қалып отыр және қажетті жөндеу-техникалық жұмыстарды жүргізуді талап етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1257550?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау