Қауіпсіз демалыс: «Балдаурен» лагерінде өрт қауіпсіздігі сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында орналасқан «Балдаурен» балалар сауықтыру лагерінде профилактикалық іс-шара өткізді.
 
 Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері еске салынды, отпен, сіріңкемен және оттықпен ойнаудың қауіптілігі түсіндіріліп, өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды. Сондай-ақ өрт қауіпті кезеңде табиғат аясындағы қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлар қызметін шақыру тәртібі түсіндірілді. Апаттар медицинасы орталығының маманы балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Қатысушылар жедел қызмет келгенге дейін дұрыс әрекет ету тәртібімен танысып, алғашқы көмектің негізгі тәсілдерін іс жүзінде орындап көрді. Сонымен қатар балаларға құтқару жилеті таныстырылып, оны дұрыс кию және пайдалану тәртібі түсіндірілді. Мамандар су айдындарында демалу кезінде құтқару жилетін міндетті түрде қолданудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік тапсырмаларды орындап, қауіпсіздік бойынша маңызды білімдерін нығайтты.
Қауіпсіздік – білімнен басталады, ал білім адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1255962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version