Қауіпсіз жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық тәртібін арттыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шараның алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 300-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде үш жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы қозғалыс жолағына шығу және өзге де жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактілері тіркелді.

Өкінішке қарай, жыл басынан бері облыс аумағында 92 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 141 адам түрлі дене жарақатын алды, оның ішінде 28 кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Сондай-ақ 4 адам қаза тапты.

Осыған байланысты барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және әрбір әрекет үшін жеке жауапкершілікті сезінуге шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1257475?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version