Қазақстан Республикасындағы электрондық еңбек шарттары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Электрондық еңбек шарты – электрондық форматта жасалып, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) не мемлекеттік сервистерде көзделген электрондық сәйкестендіру тетіктері арқылы қол қойылатын еңбек шарты. Мұндай шарттың қағаз түрінде жасалған еңбек шартымен бірдей заңды күші бар.

Қазақстанда электрондық еңбек шарттарын рәсімдеу «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік порталының HR.Enbek кіші жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс беруші еңбек шартының жобасын әзірлеп, оған қол қою үшін қызметкерге жібереді. Қол қойылғаннан кейін мәліметтер автоматты түрде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізіледі. Қызметкер еңбек шартына HR.Enbek порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.

Электрондық еңбек шарттарының артықшылықтары

  • электрондық құжаттың заңды күші;
  • қағаз құжат айналымын қысқарту;
  • жұмысқа қабылдау рәсімін жеделдету;
  • мәліметтердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) сенімді сақталуы;
  • еңбек қызметі туралы мәліметтерді eGov жүйесіндегі жеке кабинет арқылы тексеру мүмкіндігі;
  • жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарының ашықтығын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1257455?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version