Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 252 619 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғары.

 

Тұтыну бағалары индексі 11,7 пайызды құрағанын ескергенде, халықтың нақты ақшалай табысы 0,1 пайызға өсті. Бұл азаматтардың табысы инфляция деңгейінен сәл жоғары өсім көрсеткенін білдіреді.

Өңірлер арасында халықтың орташа айлық ақшалай табысы ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 408 182 теңгеҰлытау облысында – 353 036 теңге және Астана қаласында – 352 811 теңге болып тіркелді.

 
 

Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 143 409 теңгеШымкент қаласында – 160 951 теңге және Жамбыл облысында – 166 768 теңге болды.

Жамбыл облысында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы өткен жылдың I тоқсанындағы 155 004 теңгеден 166 768 теңгеге дейін өсіп, 7,6 пайыздық өсім көрсетті. Алайда инфляция деңгейін ескергенде нақты ақшалай табыс индексі 96,6 пайызды құрады.

Өңірлер арасында атаулы ақшалай табыстың ең жоғары өсімі Алматы облысында – 19,1 пайыз, ал Қарағанды облысында – 16,4 пайыз деңгейінде тіркелді.

Халықтың атаулы ақшалай табысы – азаматтардың еңбекақыдан, кәсіпкерлік қызметтен, әлеуметтік төлемдерден және өзге де көздерден алатын барлық ақшалай кірістерінің жиынтығы. Ал нақты ақшалай табыс көрсеткіші осы кірістердің сатып алу қабілетін, яғни инфляцияның әсерін ескере отырып есептеледі.

Айта кету керек, жарияланған мәліметтер алдын ала бағалау болып табылады. Жылдық статистикалық деректердің нақтылануына байланысты көрсеткіштер қайта есептелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1256014?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version