Қазақстан Республикасында жолбарысты қайта жерсіндіру жобасын іске асыру аясында Ресей Федерациясы мамандарының жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапары барысында мамандар Алматы облысындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орналасқан Жолбарысты қайта жерсіндіру орталығында болып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жолбарысты қайта жерсіндіру жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының кеңесіне қатысты.
Сапар қорытындысы бойынша ресейлік мамандар жолбарыстарды табиғи мекендеу ортасына жіберуге дайындық шараларын одан әрі жетілдіруге және жобаны табысты іске асыруға бағытталған ұсынымдарын ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1257736?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау