Қостанайлық құтқарушылар тәулік бойы ауқымды профилактикалық рейдтер жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рейд барысында құтқарушылар өзен-көлдер мен су қоймаларын жүзу құралдарының көмегімен патрульдеп, адамдар көп шоғырланатын жағажайлар мен рұқсат етілмеген шомылу орындарында кезекшілік атқаруда. Сонымен қатар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылуда.

Судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарын сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру және рұқсат етілмеген орындарда шомылу салдарынан орын алады. Сондықтан құтқарушылар азаматтарды су айдындарында аса мұқият болуға шақырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу, жүзу шеберлігіне сеніп қауіп-қатерге бармау және тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген орындарда ғана шомылу ұсынылады.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1255988?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version