Облыс әкімдігінің Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен аппараттық жиын өтті.
Жиында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2026 оқу жылына арналған дайындық жоспарына сәйкес, биылғы қыркүйек айында Т. Рысқұлов ауданында өтетін «Құлан-2026» әскери жиынына дайындық мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде әскери жиынды ұйымдастыру, ауданның дайындық деңгейі, әскери міндеттілерді зерделеу, аумақтық қорғаныс бригадасының әзірлігі, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери міндеттілерді киіммен, көлікпен және тамақпен қамту мәселелері талқыланды.
Жиынға Zoom платформасы арқылы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы Тұрсынбек және Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев қатысып, ауданның дайындық жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Жиын қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, қабылданған шешімдер хаттамаға енгізілді. Әскери жиынға дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы ұйымдастыру міндеті жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1256642?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау