Баршаңызды еліміздің ең айтулы мерекелерінің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің, берекелі бірлігі мен баянды болашағының символы. Бас қаламыздың қарқынды дамуы – еліміздің өсіп-өркендеуінің, тұрақтылығы мен жасампаз рухының айқын көрінісі.
Мемлекетіміздің әрбір жетістігі – ел бірлігі мен адал еңбектің нәтижесі. Осы ортақ мақсат жолында Келес ауданының тұрғындары да туған өлкенің дамуына өз үлестерін қосып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Бұл – болашаққа деген сенімімізді нығайтып, жаңа белестерге жетелейді.
Қадірлі жерлестер!
Осынау мерейлі мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Астана әрдайым өсіп-өркендеп, Қазақстанымыздың абыройын асқақтата берсін!
Астана күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Жәнібек Ағыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1257045?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау