Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ежелден-ақ халқымыз суды өмірдің негізі, барлық игіліктің қайнар көзі деп білген. «Судың да сұрауы бар» деген аталы сөз осы баға жетпес байлықты қастерлеуге үндейді. Бүгінгі таңда өңіріміздің экономикалық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы мен өндірісті өркендету және тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту тікелей сіздердің қажырлы еңбектеріңізбен байланысты.
Сіздер өзіндік жауапкершілігі жоғары қызметте зор кәсібилік танытып, су ресурстарын қорғау, оны ұтымды пайдалану және аймақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Саланың дамуына өшпес із қалдырған, бай тәжірибесімен бүгінгі буынға жол көрсетіп жүрген ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіремін.
Жауапты да игілікті қызметтеріңізге толағай табыс, таусылмас қуат тілеймін. Шаңырақтарыңыз құт-берекеге толып, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1255853?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау