Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Ветеринария – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, мал шаруашылығын дамытуға және қоғамдық денсаулықты сақтауға өлшеусіз үлес қосатын маңызды сала. Бұл бағыттағы әрбір маманның еңбегі – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының кепілі.
 
Төлеби ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мал ауруларының алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары ветеринария мамандарының кәсібилігі мен табанды еңбегінің нәтижесі.
Сіздерге ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
 
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
 
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1256253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version