Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде тұрғын үй заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алаңында Комитет төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаевтың «RUKHTYLAR» қоғамдық қорының жетекшісі Айнагүл Мұзафармен және «Не молчи сирота» қоғамдық қорының жетекшісі Руслан Тұрысбековпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына енгізу жоспарланып отырған өзгерістер қаралды.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері тұрғын үйді бөлу үдерісін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарды көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрғын үй саясатының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/1256582?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version