Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Қызмет көрсету және білім беру саласы бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік мекемелердің өкілдері, мектепке дейінгі, қосымша және жалпы білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Жанар Онгаркулова қатысты.
Отырыс барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау, жекеменшік білім беру ұйымдары үшін қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау, сондай-ақ қосымша білім беру саласындағы жекеменшік сектордың қызметін зерделеу мақсатында мониторингтік топ құру мәселелері қаралды.
Жекеменшік білім беру ұйымдары үшін қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау мәселесі бойынша Жанар Онгаркулқызы баяндама жасап, тиісті түсіндірмелер берді.
Талқылау барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген бастамалар мен өзекті мәселелер сындарлы диалог аясында жан-жақты талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1255768?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау