QYZYLJAR MUSIC FEST мерейтойлық фестивалі мыңдаған көрерменнің басын қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Міне, бесінші жыл қатарынан Петропавл қаласы халықаралық QYZYLJAR MUSIC FEST фестивалінің арқасында үлкен музыкалық мерекенің орталығына айналып келеді. Осы уақыт ішінде фестиваль Солтүстік Қазақстан облысының басты мәдени брендіне айналды.

Мерейтойлық V фестиваль қазақтың көрнекті әншісі, ұлттық музыка өнерінің аңызы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналды. Бес күн бойы көрермендер этникалық музыка, заманауи хореография, эстрада, электронды және классикалық музыка сияқты түрлі өнер бағыттарымен қауышты.

Классикалық музыкаға арналған фестивальдің бесінші кешіне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қатысты. Ол өңір тұрғындары және қала қонақтарымен бірге мерейтойлық фестивальдің ең жарқын мәдени кештерінің бірін тамашалады.

Сахнада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Зарина Алтынбаева мен әйгілі италиялық опера әншісі Анджело Форте өнер көрсетті. Олардың жоғары кәсіби шеберлігі, ерекше сахналық қуаты мен әсерлі орындауы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, мерейтойлық фестивальдің көркін аша түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1256346?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version