Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекет тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтудың, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудың басты кепілі. Сіздер жоғары кәсібилік пен жауапкершілік таныта отырып, конституциялық құрылысты, ұлттық мүдделерді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында абыройлы қызмет атқарып келесіздер.
Қырағылықтарыңыз, батылдықтарыңыз және Отан алдындағы адал қызметтеріңіздің арқасында еліміздің қауіпсіздігі нығайып, халқымыздың бейбіт өмірі мен мемлекетіміздің тұрақты дамуына берік негіз қалануда.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыс, күш-қуат және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1256923?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version