️Құрметті Сандықтау ауданының ветеринария саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, мал шаруашылығын дамытуда, халықтың денсаулығын қорғауда және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда айрықша маңызға ие. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында жануарлар ауруларының алдын алу шаралары уақытылы жүргізіліп, өнім сапасына тиімді бақылау қамтамасыз етіліп, ауданымыздағы эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығы сақталуда.
Ветеринария саласының дамуына көп жылғы адал еңбегімен елеулі үлес қосып, мол тәжірибесін жас мамандарға үйреткен сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге толайым табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1256466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау