Сарқанда су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Сарқан ауданында сала мамандарына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы Есжанов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде су шаруашылығы – өңірдің тұрақты дамуы мен табиғи ресурстарды тиімді басқаруда маңызды орын алатын стратегиялық сала екенін атап өтіп, мамандардың жауапты еңбегіне алғыс білдірді.

Іс-шара барысында өз қызметінде жоғары кәсібилік танытып, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Сала мамандарына көрсетілген бұл құрмет – олардың кәсіби біліктілігі мен адал еңбегіне берілген лайықты баға. Су шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып жүрген барша қызметкерлерге зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1255935?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version