Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/174-VIІI «Отырар ауданының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы №36/199-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.
Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-otyrar/press/news/details/1257668?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау