Сенім түсіністіктен басталады: учаскелік инспектордың тұрғындармен жұмыс тәсілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оның басты міндеттерінің бірі – тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың мәселесін тыңдау, түсіну және қажетті көмек көрсету. Полиция майоры Гүлaхмед Исмаилов өз жұмысында осы қағиданы басшылыққа алады.

13 жылдық қызмет жолында ол Ақтау қаласының 2-шағынауданы тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас қалыптастырды. Бүгінде тұрғындар оны тек полиция қызметкері ретінде ғана емес, кеңес беріп, көмек көрсете алатын сенімді адам ретінде таниды. Халықтың оған деген сенімі – еңбегінің басты бағасы.

Учаскелік инспектор қызметінде мемлекеттік тілді білудің маңызына ерекше мән береді. Маңғыстау облысы полиция департаментінде қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылған. Гүлaхмед Исмаилов та осы курстардан өтіп, тілдік білімін жетілдірген.

Қазіргі таңда ол мемлекеттік тілді қызмет барысында еркін қолданады. Қызметтік құжаттарды қазақ тілінде толтырып, тұрғындармен мемлекеттік тілде еркін сөйлеседі. Сонымен қатар қазақ тілінде өтетін түрлі байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысып, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Ол үшін қазақ тілін білу – тек кәсіби талап емес, халықтың мәдениеті мен дәстүріне деген құрметтің көрінісі. Тұрғындармен олардың түсінетін тілінде сөйлесу азаматтардың мәселесін тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға және өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Майор Исмаилов әр адамға жеке көзқараспен қарайды: үлкендермен сабырлы түрде сөйлеседі, тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдайды, ал балалармен қарапайым әрі түсінікті тілде әңгімелеседі.

Оның пікірінше, полиция қызметкерінің басты міндеті – халыққа жақын болу. Себебі мәселені шешу үшін ең алдымен адамды тыңдап, оны түсіну қажет. Осындай адамгершілікке негізделген тәсіл полиция мен қоғам арасындағы сенімді байланысты нығайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1256230?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version