ШАБЫНДЫҚ НАУҚАНЫ – БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Карин және Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мереке Бисембаевпен бірге Сайқын ауылдық округіндегі шабындық науқанының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында шабындық жұмыстарының қарқыны, мал азығын дайындау ісі және берілген жерлерді тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Аудан басшысы әскери сынақ полигоны аумағынан шаруа қожалықтарына пайдалануға берілген жерлердің ең алдымен халық игілігіне қызмет етуі қажет екенін ерекше атап өтті.

– Шаруа қожалықтарына әскери сынақ полигонынан жер пайдалануға берілгеннен кейін, оның нақты пайдасын тұрғындар көруі тиіс. Сондықтан округ тұрғындарына мал азығы қолжетімді бағамен ұсынылуы қажет. Біздің негізгі мақсатымыз – осы, – деген Нұрлыбек Жасқайратұлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллинге бұл бағыттағы жұмысты үйлестіріп, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мереке Бисембаевке мал ұстап отырған әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мұқтаж тұрғындардың нақты тізімін әзірлеуді жүктеді.

Айта кетейік, аудан басшылығының бұл тапсырмасы тұрғындарды қысқы мал азығымен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге және шабындық маусымының тиімді ұйымдастырылуына бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1256827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version