Шағын кемелерді бақылау ТЖМ құзыретіне өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда шағын көлемді кемелерді пайдалану саласына қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап облыстағы барлық шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау функциялары Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне берілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды Төтенше жағдайлар департаменті жүзеге асырады. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Заңнамалық өзгерістер азаматтарға қосымша міндеттемелер жүктемейді. Шағын көлемді кеме иелері бұрынғы тәртіппен кемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізіп, техникалық куәландырудан өтіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс. Бұрын берілген кеме жүргізу куәліктері мен тіркеу құжаттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өз күшінде қалады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағалау маңында жүретін шағын көлемді кемелерге қозғалыс жылдамдығы мен жүру уақытына шектеу енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл шаралар шомылу маусымы кезеңінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын сақтауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1255720?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version