ШҚО әкімі ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады:

«Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, мал шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала береді. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл көрсеткіштердің артында мыңдаған шығысқазақстандықтың тынымсыз еңбегі тұр. Солардың ішінде ветеринария саласы мамандарының орны ерекше.

Өйткені миллиондаған малдың саулығы, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі сіздердің кәсібиліктеріңізге тікелей байланысты.

Осы орайда баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Шығыс Қазақстан облысы еліміздегі мал шаруашылығы жақсы дамыған жетекші өңірлердің бірі саналады.

Сондықтан сіздерге күнделікті адал еңбектеріңіз, таңдаған мамандықтарыңызға деген беріктіктеріңіз және Шығыс Қазақстанның дамуына қосып келе жатқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Бүгінде ветеринар болу – зор жауапкершілікті, терең білімді, төзімділік пен өз ісіне деген ерекше сүйіспеншілікті талап етеді. Жыл мезгіліне, ауа райының қолайсыздығына немесе елді мекендердің шалғайлығына қарамастан, әрдайым көмек қажет жерде жүрсіздер. Аурулардың таралуына жол бермей, жануарлардың саулығын сақтап, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ауылдардың, шаруа қожалықтарының және өңірдегі әр тұрғынның амандығы үшін қызмет етіп келесіздер.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи-географиялық ерекшеліктерін ескерсек, бұл қызметтің оңай емес екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Таулы жайылымдар, шалғай қыстаулар, қатал климат пен алыс қашықтық сіздерден жоғары кәсібилік пен ерекше жанқиярлықты талап етеді. Сондықтан да еңбектеріңіз зор құрмет пен шынайы ризашылыққа әбден лайық.

Қазіргі уақытта ветеринария саласы заман талабына сай дамып келеді. Салаға заманауи цифрлық технологиялар енгізіліп, ветеринариялық бақылау жүйесі жетілдірілуде, материалдық-техникалық база нығайтылуда. Өз тарапымыздан ветеринариялық қызметті одан әрі дамытуға, мамандықтың беделін арттыруға және сала қызметкерлерін қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөле береміз.

Кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкерлері күні құтты болсын!».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1256754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version