ШҚО полициясы «ALTAI FEST» халықаралық фестиваліне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясы «ALTAI FEST» халықаралық фестиваліне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында Қазақстанның барлық өңірі мен шетелдерден келген қонақтардың басын қосқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өз шымылдығын түрді. Бұл ауқымды мәдени шара жыл сайын мыңдаған туристерді, шетелдік делегация өкілдерін және Ұлы Алтайдың бай тарихи мұрасын бағалаушыларды жинайды.

Фестивальдің ашылуы қарсаңында ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған жеке құрамға саптық жиын өткізді.

Өңірдің бас полицейі басым бағыттарды айқындап, құқық бұзушылықтың алдын алуға, жол қозғалысының кедергісіз өтуіне, орын алуы мүмкін оқиғаларға жедел ден қоюға және іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға уақтылы көмек көрсетуге баса назар аударды.

Фестиваль өтетін барлық уақыт аралығында полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті. Іс-шара өтетін орындарға апаратын автожолдарда қосымша бақылау ұйымдастырылып, көлік ағынын реттеу және адамдар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік
шаралары толық қамтамасыз етілді.

Полиция қызметкерлерінің басты міндеті — фестивальдің әрбір қатысушысы мен қонағы үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, түркі әлемінің мәдениеті мен халықтарын біріктіретін бұл мерекенің тыныш, ұйымдасқан және оқыс оқиғасыз өтуін қамтамасыз ету.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1256945?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version